Қоғам • 27 Желтоқсан, 2021

Мемлекеттік қызметшілерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат беріледі

802 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстан тыс уақытта қосымша табыс табуға заң жүзінде рұқсат беру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметшілерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат беріледі

«Бүгінгі таңда заңнамада мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жұмыспен айналысуға рұқсат беретін норма жоқ. Бірақ біз заңға бос уақытта қосымша жұмыспен айналысу мүмкіндігін қарастыру  жөнінде өзгерістер енгізу туралы ойлап отырмыз», деді Анар Жайылғанова.

Оның пікірінше, мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлікке жатпайтын қызметтің басқа түрлерімен айналысу арқылы жұмыстан тыс уақытта табыс ала алады. Алайда, спикер түсіндіргендей, жұмыс кәсіпкерлікпен байланысты болмауы керек. 

«Біз отбасын асырауға қосымша қаражат қажет болған жағдайда (қосымша жұмыс істеуге) мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістерді дайындап жатырмыз. Бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды», деді Анар Жайылғанова.