Коронавирус • 28 Желтоқсан, 2021

Қазақстанға тағы 5 млн доза вакцина жеткізіледі – Жандос Бүркітбаев

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында омикрон штамының кең таралуына байланысты халықты коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынын арттыру қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға тағы 5 млн доза вакцина жеткізіледі – Жандос Бүркітбаев

«Әлемде сырқаттанушылықтың өсуін және коронавирустың «омикрон» нұсқасының кең таралуын ескере отырып, халықты вакциналау қарқынын арттыру және тиісті халықты вакциналауды аяқтау қажет», деді Жандос Бүркітбаев.

Спикер вакциналаудың тиімділігі дәлелденгенін атап өтті: вакцинация басталғаннан бері науқастардың 95%-ы вакциналанбағандарға тиесілі. Өкпенің жасанды желдеткішіндегі науқастардың 96%-ы вакциналанбағандарға келеді.

«Отандастарыма вакцинация мен ревакцинация пайдасына дұрыс шешім қабылдауға шақырамын. КВИ бойынша ағымдағы эпиджағдайдың тұрақтылығын сақтау маңызды. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға вакцинация жүргізуді жандандыру және халықты жаппай қайта вакцинациялауды жеделдету қажет. Қазіргі уақытта 9,2 млн. адам қайта вакцинациялауға жатады, оның ішінде 400 мыңнан астам адам осы процедурадан өтті. Ревакцинацияға вакцина дозаларының жеткілікті саны бар. 2022 жылдың желтоқсанынан 1 тоқсанына дейін вакцинаның 5 млн дозасын жеткізу жоспарлануда», деді Жандос Бүркітбаев.

Соңғы жаңалықтар