«Алдағы мереке, 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтар күндері қоғамдық көліктер демалыс күнінің кестесімен жүреді. Яғни, жолаушылар ағынының төмендеуіне байланысты желіге автобустар аз шығарылады», делінген хабарламада.
Автобуста бетперде тағу режимі сақталады. Жол ақысы көлік картасы немесе QR код сканерлеу арқылы қолма-қол ақшасыз төленеді.