«Біріншіден, Индустрия министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен, «Бәйтерек» холдингімен, «Атамекен» Ұлттық палатасымен және өңірлер әкімдерімен бірлесіп, бір ай мерзімде 2025 жылға дейін құрылыс индустриясы жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлесін», деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Индустрия министрлігіне «Бәйтерек» Холдингімен бірлесіп нарықтағы делдалдарды алып тастау және құрылыс материалдарының құнын төмендету мақсатында 2022 жылғы 1 наурызға дейін «Маркетплейс» онлайн-алаңын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу тапсырылды.
«Үшінші мәселе, Индустрия министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен әкімдіктермен бірлесіп құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсу фактілері бойынша тұрақты бақылауды және дер кезінде ден қою шараларын қабылдауды қамтамасыз етсін», деп түйіндеді Асқар Мамин.