Кәсіпқой бокс • 28 Желтоқсан, 2021

Джошуаның дайындығына бас ауыртпаймын – Александр Усик

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA (Super), WBO, IBF тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик ұлыбританиялық Энтони Джошуаның қарымта кездесуге қандай дайындықпен келетіні туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Джошуаның дайындығына бас ауыртпаймын – Александр Усик

«Энтони Джошуа мені нокаутқа түсіргісі келетін шығар. Ол жағы өзіне ғана мәлім. Мен оның дайындығына бас ауыртпаймын. Александр Усик кез келген жекпе-жекке тас түйін дайын.  Ол дайындық барысында бірқатар өзгерістер енгізуі ықтимал ма? Әбден мүмкін. Әлбетте, ол бәрін өзгертуге тырысады. Алайда мен барлық жағдайға дайынмын», деді украиналық боксшы.