Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Орынкүл Қазиева брифинг барысында мобильді аударымдар мен төлемдерге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетсек, желтоқсан айында ҚР-да «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (салық кодексі) түзетулер қабылданды.
Орынкүл Қазиева 2022 жылдың 1 наурызынан бастап ел мен мегаполис тұрғындарына қандай өзгерістер әсер ететінін айтты. Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі елімізде шағын және орта бизнес соңғы жылдары кәсіпкерлік қызметте жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған жедел мобильді аударымдарды жаппай пайдалана бастағанын атап өтті. Сондықтан да осы мәселені заңнамалық реттеу үшін «Мобильдік төлемдер» және «мобильдік аударымдар» ұғымы айқындалды. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары атап өткендей, мобильді төлемдерді фискализациялау кез келген адам үшін жаңа салықтың пайда болуын білдірмейді, тек бизнестің қолданыстағы заңнамада қарастырылған салық міндеттемелерін орындауына бағытталған.
«Жалпы, мобильдік аударымдарды пайдалануға қатысты салық заңнамасына енгізілген түзетулер жеке тұлғалардың мобильдік төлемдерден жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильдік төлемдерден бөлуге арналған. Олар бизнес-қоғамдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды», деді Орынкүл Қазиева.
Спикер аталған бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті одан әрі дамытуға арналғанын айтты. Қолма-қол есеп айырысуға көшу мақсаттарын көздемейді. Мемлекеттік кірістер органдарына деректерді беруге қатысты барлық алаңдаушылықтар негізсіз.
«Банктерден мәліметтер алу кәсіпкерлік шоттарға түсетін төлемдер бойынша ғана жүргізілетін болады. Осылайша, жеке аударымдарға салық салынбайды. Мобильдік төлемдерге қатысты нормалар 2022 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді. Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді төлемдер бойынша деректермен алмасу тек 2025 жылдан бастап жоспарланады» деді спикер.
Сонымен қатар, Орынкүл Қазиева екінші деңгейлі банктер мен мемлекеттік органдар арасында жасалған мобильдік аударымдар туралы ақпарат алмасу қалай жүретінін түсіндірді.
«Біріншіден, дара кәсіпкерлер бойынша мобильдік төлемдер жөніндегі мәліметтерді екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кіріс органдарына: ай сайын, E-salyk Business салық режимін қолданатындар бойынша, сондай-ақ қызметті басқа салық режимдерінде жүзеге асырған кезде және осындай мәліметтерді беруге келісім берген кезде; жылына бір рет барлық дара кәсіпкерлер бойынша (пост-терминалдар бойынша мәліметтерді беруге ұқсас, қолданыстағы норма) береді.
Кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға қатысты МКК және екінші деңгейдегі банктер арасында ақпарат алмасу ҚР Ұлттық банкімен, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп әзірлеу жоспарланып отырған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Өлшемдерді бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актінің жобасы жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланады», деді ол.
Бұдан басқа, мәлімет алмасу жүргізілетін тұлғалар санаттары жеке тұлғалардың жалпыға бірдей декларациялауға кіруіне ұқсас кезең кезеңімен жүзеге асырылады.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар