Елбасы • 28 Желтоқсан, 2021

Елбасы Ресей Президентімен сауда-экономика мәселесін талқылады

231 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Ресей Президентімен сауда-экономика мәселесін талқылады

Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Елбасы Ресей Федерациясының Президентіне ЖЕЭК-тің құрметті төрағасы ретінде ТМД-ға қатысушы елдер көшбасшыларының бейресми саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

«Құрметті төраға ретінде мен бүгін бейресми кездесуге қатысамын. Мен 1991 жылғы желтоқсанда Алматыда ТМД-ның құрылуына алып келген тарихи оқиғаның аз ғана куәгерлерінің бірімін. Мұның қалай болғаны әлі есімде», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті осы интеграциялық бірлестіктің тиімділігі мен өзектілігімен қатар, ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«ЕАЭО орнықты және көптеген адамдар бұған сенеді. Әлемдегі пандемияға қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі 24 миллиардты құрайды. Бұл барлық жылдардағы рекорд. Біздің міндетіміз - ЕАЭО-ны одан әрі дамыту, қауымдастырылған мүшелер мен байқаушыларды қабылдау. Жаңа қатысушыларға бұл пайдалы екенін дәлелдеу. Өйткені, консенсус негізінде жұмыс істейтін бұл бірлестік оның барлық мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмейді», деді Елбасы өз сөзінде.

Владимир Путин өз кезегінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ЕАЭО құруға және Еуразиялық континентте экономикалық интеграцияны одан әрі дамытуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.

«Қазір пандемия, бүкіл әлемде өндіріс деңгейінің төмендеуі өте қиын жағдайда, біз өз уақытымызда сіздермен бірге жұмыс істеген тетіктер мен құралдар тиімді жұмыс істеуде. Қазақстанмен өзара қарым-қатынастарда біз 2020 жылы, пандемияның ең қиын жылында экономиканың елеулі құлдырауына жол бермедік деп айту жеткілікті. Ал биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында өсім 30 пайыздан асты. Бұл, әрине, Қазақстанның қазіргі басшылығымен бірлескен қызметіміздің өте маңызды нәтижесі», деді Владимир Путин.