Хоккей • 29 Желтоқсан, 2021

«Барыстың» бәсі жоғары болды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанның «Барысы» Құрлық­тық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) ке­зекті тур ойынын өз мұз айдынында Ека­теринбургтің «Автомобилисіне» қар­сы өткізді.

«Барыстың» бәсі жоғары болды

Қос команданың жанкүйерлері бұл бәсекені тағатсыздана күтті. Себебі «Барыс» пен «Автомобилист» жарыс кестесінде қатар тұр. Плей-офф додасына жолдама алу үшін қазіргі кезде екеуіне де жеңіс ауадай қажет. Соны қаперіне мықтап түйген ойыншылар мұз айдынында аянбай айқасты. Бірінші кезеңде таблодағы есеп үш мәрте өзгерді. 4-минутта Никита Михайлис елордалық клубты алға шығарса, 8-минутта Стефан Да Коста таразы басын теңестірді. 16-минутта Кертис Волк жергілікті көрермендерді тағы бір қуантты. 39-минутта екатеринбургтік команданың шабуылшысы Анатолий Голышев мергендік танытты. Одан кейін осы есеп негізгі уақыт пен овертаймның аяғына дейін сақталды. Буллит соғу барысында «Барыстың» бағы жанды. Есеп – 3:2. Бұл жолы жеңіс шайбасын қақпаға енгізген Линден Вей.

Осы жеңістен кейін «Барыс» жарыс кестесінде 17-орынды сақтап қалды. Олардың қоржынында 42 ұпай бар. Жерлестеріміз бүгін Нұр-Сұлтанда Уфаның «Салават Юлае­вын» қабылдайды.