«Астана Опера» баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 11:45-те әкімшілікке театр ғимаратында орнатылған қолдан жасалған мина туралы хабар түсті. Театр қонақтары мен ұжымы ғимараттан дереу эвакуацияланды.
Полиция қызметкерлері хабарлағандай, театрдан жарылғыш зат табылған жоқ.
Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты.