Коронавирус • 29 Желтоқсан, 2021

Елордада 40 вакцина пункті жұмыс істейді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қазіргі уақытта елордада қанша вакциналау пункті жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлады Egemen.kz.

Елордада 40 вакцина пункті жұмыс істейді

«Вакцинацияланатын халықтың басым бөлігін біз вакцинацияладық. Бірақ бұл вирусты толығымен жеңу үшін жеткіліксіз - азаматтардың екпе алудағы санасы шешуші рөл атқарады», деді Тимур Мұратов.

Спикер халықты жаппай вакциналаумен қамту үшін вакцинация пункттері 36-дан астам медициналық ұйымдарда және қаланың төрт сауда кешенінде, атап айтқанда «Керуен» СОО, «Абу-Даби Плаза», «Азия парк» және «Евразия» СҮ-де ашылғанын атап өтті.

«22 қарашада бүкіл ел бойынша азаматтардың коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациясы басталды. Бүгінгі күні қала бойынша КВИ-ға қарсы қайталама вакцинаны медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентінен 19 мыңнан астам адам алды. Ревакцинация санитарлық нормалар мен компоненттер арасындағы аралықты қатаң сақтай отырып жүргізілетінін атап өтемін. Екпені медициналық ұйымдар мен СОО, ТД вакцинациялау пункттерінен алуға болады», деп түйіндеді Тимур Мұратов.