Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының орталығында тұман сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының батысында,таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 18 м/с күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады