Білім • 29 Желтоқсан, 2021

Халықаралық пәндік олимпиадада жүлде алған оқушыларға қанша сыйақы беріледі?

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Қазақстандық оқушылар халықарлық пәндік олимпиадада 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық пәндік олимпиадада жүлде алған оқушыларға қанша сыйақы беріледі?

«2021 жыл қазақстандық оқушылар үшін олжалы болды. Биыл шәкірттер әлемдік олимпиадаларда 31 медальдің 26-ын жеңіп алып, соңғы жылдардағы рекордты жаңартты. Білім алушылар ел қоржынына 2 алтын, 13 күміс және 11 қола медаль салды. Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дарынды балаларды қолдау үшін шаралар әзірлеуді тапсырды.Бұл міндетті іске асыру үшін Министрлік заңнамаға түзетулер әзірледі. Қазір заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді», деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, түзетулер халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына ҰБТ-сіз, яғни конкурстан тыс негізде білім алу үшін гранттар беруді, сондай-ақ осы олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және оларды даярлаған педагог- жаттықтырушыларға да біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді көздейді.

«Оқушыларды ынталандыру үшін алтын медаль иегерлеріне — 1500 АЕК, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль – 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы тағайындау жоспарланып отыр», деді Асхат Аймағамбетов.