Теннис • 30 Желтоқсан, 2021

«Үлкен дулығаға» қатысудан бас тартады

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-30 қаңтар аралығында теннистен «Үл­кен дулыға» санатына жата­тын жа­рыстардың бірі – Аустра­лия­ның ашық біріншілігінің жалауы жел­бірейді.

«Үлкен дулығаға» қатысудан бас тартады

Осындай дүбірлі додада бой көрсету әр спортшы үшін үлкен абырой әрі зор мәртебе екені белгілі. Бір жағынан әлемдік рейтингте жоғарылауға тамаша мүмкіндік туындайды, екінші жағынан материалдық жағдай да күрт жақсарады. Алайда бірқатар әйгілі теннисшілер Мельбурнге барудан бас тартып отыр. Әрқайсысының өз уәждері бар. Мәселен, Новак Джокович коронавируске қарсы вакцина алуды қаламайды. Басқа да біраз теннисші дәл сондай ұстанымда. Ал ұйымдастырушылар онсыз жарысқа қатысуға тыйым салып отыр. 

Сарапшылар мен мамандар жасыл құр­лыққа әлемдік теннистің жарқын жұлдыз­дарының келмеуі жарыстың деңгейін күрт төмендетеді деп есептейді. Сол себепті де олар Джокович бастаған саңлақтарға Аустралияның ашық біріншілігіне вакцинасыз-ақ қатысуына рұқсат беруі жайында өтініш білдіруде.