Министрлік мәліметінше, 28 желтоқсанда Land Cruiser көлігі Ақтөбедегі суқоймасы жағалауынан ұзап, 50 метр жерде мұз астына 2,5 метр тереңдікке түсіп кеткен.
«Балық аулауға барған жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгерген. Жедел-құтқару жұмыстары нәтижесінде көлік судан шығарылды. Апат болған жерде мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр болған», деді құтқарушылар.