Кәсіпқой бокс • 30 Желтоқсан, 2021

Джошуа – Усик шайқасы жыл оқиғасы болып танылды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Ring басылымы WBA, IBF, WBO және IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынған ұлыбританиялық Энтони Джошуа мен украиналық Александр Усик арасындағы шайқасты жыл оқиғасы ретінде атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Джошуа – Усик шайқасы жыл оқиғасы болып танылды

Екі алып арасындағы шайқас әйгілі басылым үміткер ретінде таныған Сауль Альварес – Билли Джо Сондерс, Тайсон Фьюри – Деонтей Уайлдер ІІІ, Сауль Альварес – Калеб Плант, Теренс Кроуфорд – Шон Портер жекпе-жектерінің рейтингінен озып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек осы жылдың 25 қыркүйегі күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы «Тоттенхэм Хотспур» стадионында өтіп, төрешілердің біржақты шешімімен Александр Усиктің пайдасына шешілген болатын.