Спорт • 30 Желтоқсан, 2021

Кадыров спортшыларға ақша мен автокөлік таратты

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шешенстан көшбасшысы Рамзан Кадыров WBC және IBF тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, боксшы Артур Бетерибевке және өзге бірқатар спортшыға айрықша құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кадыров спортшыларға ақша мен автокөлік таратты

«Мен өзіме жүктелген міндетті өз деңгейінде орындадым. Шешен ұлтының және Ресей мемлекетінің намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыларға құрмет көрсеттім. Үш спортшы бүгін автокөліктің кілтін алды. Одан бөлек 11 спортшыға 1 миллион рубль теңгенің сертификатын табыстадым. Сондай-ақ кәсіпқой боксшы Артур Бетербиев Грозный қаласының Құрметті азаматы атағын алды», делінген Кадыровтың инстаграмда жазған жазбасында.