Бұл туралы lada.kz сайты жазады.
Порталдың хабарлауынша, қайғылы оқиға 15-шағынауданда орын алған. Куәгерлердің сөзінше, қыз 15-шағынаудандағы «Оазис» тұрғын үй кешенінің 15-қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткен.
Полиция департаменті 29 желтоқсанда сағат 17:58-де шақырту түскенін мәлімдеді. Марқұм 24 жаста болған.
Ведомство өкілі қазір аталған дерек бойынша жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.