Сауалдама қорытындысы бойынша ЦСКА жанкүйерлері жоғарыда атап өткен айларда қақпашы Игорь Акинфеевті (42 пайыз) жеңімпаз деп таныды. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов (41 пайыз) клуб жанкүйерлерінің пікірінше екінші орынға лайықты деп таныды. Ал үздік үштікті шабуылшы Антон Заболотный (13 пайыз) түйіндеді.
Еске салайық, 23 жастағы «Тараз» футбол мектебінің түлегі ресейлік команда сапында 2020 жылдан бері доп теуіп келеді. Биылғы маусымда Зайнутдинов 14 матчта алаңға шығып, екі рет мергендігімен көзге түсті.