Экономика • 31 Желтоқсан, 2021

2022 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?

8498 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Таяуда PwC Kazakhstan компаниясы негізгі макро­эко­номикалық көрсет­кіш­­терді анықтаған кезек­ті жетінші тоқсан ара­лық зерттеуін жария­ла­ды. Зерттеуге Brent мұ­найы­ның бағасы, валюта курсы, инфляция, базалық мөлшерлеме арқау болған. Сауалдамаға 11 сарапшы қатысқан. Алайда объективті пікір көрініс табуы үшін бірқатар са­рап­шылардың аты-жөні құпия қалдырылған.

2022 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?

«Вакциналау науқанының әлем бойынша кең ауқымда жүр­гізіліп жатқанына қарамас­тан көптеген елде коронавирус штамдары қайта пайда болып, вирустың жаңа мутацияларына тап болып жатыр. Санитарлық шаралардың ішінара күшейтілуі негізінен шағын және орта бизнеске кері әсерін тигізуде. Ал лок­даундардың қайта енгізілуі бірқатар елдерде жаһандық перс­пективаны әлі белгісіз күйде қалдырып отыр», деп жазады PwC Kazakhstan.

Satbayev University экономика профессоры біздің басты про­блемамыз COVID-19 емес, кор­руп­ция болып отыр деп санайды.

«Бізде коронавирус пандемиясынан адам өлімі небәрі 1,68 пайызды құрайды. Бұл көп­те­ген елдерден әлдеқайда төмен. Мысалы, осы көрсеткіш Перуде 9 пайыз деңгейінде. Біздің басты проблемамыз ковид емес, әлі де тоқтамай тұрған жемқорлық болып отыр. Экономика мүлде жақсарып жатқан жоқ: импорт­қа деген тәуелділік күн санап күшейіп барады. Ұлттық қор­дан аямай ақша алынып жатыр. Дағ­дарыс қаржы секторы­нан бас­талды. Дағдарыстың бұл түрі тез қарқын алады. Күрт құл­­­­дырау мен көршімізге деген сая­си тәуелділіктен туындайтын ұзақ­қа созылатын депрессиядан қашып құтыла алмасымыз анық болды», дейді профессор.

Бұл орайда PwC экономи­ка­ның баяу өсімі мен туында­ған қиындықтарға қарамастан Қазақстанның ІЖӨ-сі 2020 жылы ұлттық валютада 2 пайызға өсім көрсетті (2019 жылмен салыс­тырғанда) дейді. Доллар экви­валентінде ІЖӨ 6 пайызға қыс­қарған. 

Мұнай бағасы да әзірге тұ­рақ­­талатын емес. Былтыр қара­ша айында Brent маркалы мұнай баға­сы барреліне 85 доллардан асып түскен (2018 жылдың қазан айынан бері алғаш рет) еді. Сол айда өткен отырыс­та ОПЕК+ тәулігіне 400 мың бар­рель мұнай өндіру туралы уағ­даны бұзбауға келісті. Алай­д­а қарашаның соңында АҚШ және өзге де елдер мұнай баға­сын төмендету мақсатында көле­мі 50 млн баррель болатын стра­те­гия­лық мұнай резервтерін аша­тынын мәлімдеді. Әзірге қауым­дастықтың бұл шешімге нендей көзқарас білдірері белгісіз. Алдын ала болжамдар бойынша альянс тәулігіне 400 мың баррель мұнай өндіру туралы келі­сім­ді тоқтатуы ықтимал. Әйт­пе­се әлемдік нарықтағы мұнай көле­мі аузы-мұрнынан шыға то­лып кету қаупі бар. Оның үсті­не көмір мен газ бағасының да ша­рық­тап өсуі биржадағы мұнай фью­черс­терінің аспандап кетуіне әсер етті.

«Еуропада COVID-19 ахуалы­­­ның нашарлауы, оның ізін ала Оңтүстік Африкада жаңа «омикрон» штамының пайда болуы мұнай бағасының бел­­­­­­­сен­­ді өсімін біршама тежеп тас­­­­­та­­д­ы. Нәтижесінде, Brent мар­­­­­­ка­сы барреліне орташа 70 дол­­лар кө­лемінде саудаланып жа­­тыр.Биыл да өзге отын түрлерінен баға қысы­мы­­­­­ның маусымдық тө­мен­­деуі­не, мұ­­найға деген ұсы­­ныс­тың сұра­ныстан асып тү­суіне және COVID-19-дың кү­­шеюі­­не бай­ла­ныс­ты нарықта те­ріс реак­­ция­ның пайда болуына орай мұ­най бағасы барреліне 70 доллар мөл­шерінде сатылады деп күтіледі», дейді Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов.

Ал теңге бағамына байла­ныс­ты респонденттер пікірі өт­кен сауалдама қорытындысына қарағанда мейлінше оптимистік бағытта өрбіген. Олар алдағы бір жылда долларға қатысты теңге бағамы 446 доллар болады десе, алдағы үш жылда 480 теңгеге дейін жетеді деп болжайды. 5 жылдық перспективада теңге курсы 440-500 аралығында құбылуы мүмкін.

«2021 жылдың қазанында Қазақ­станда инфляция алты айда алғаш рет тоқтады. Қыр­кү­йек айындағыдай инфляция 8,9 пайызды құрап тұр. Азық-түлік тауарлары өсімінің 11,5-тен 11,3 пайызға баяулауы инфляция өсімін де тежеді. Бұл ретте азық-түліктік емес тауарлар баға­сы 7,8-ден 6,8-ге төмендесе, қыз­меттер 6,8-ден 6,9 пайызға жоға­рылады» деп жазылған зерттеуде.

Сарапшылар алдағы бір жылда инфляция деңгейі 8,9 па­йыздан аспайды деп болжайды. Алдағы 3 жыл көлемінде инфляция тіпті 8,0 пайыздан жоғарыламауы мүмкін. Ал бес жылдық мерзімде елдегі инфляция көрсеткіші 7,0 пайыздан төмендейді. Қазір ел үкіметі инфляцияны төмендету үшін түрлі шаралар қабылдап жатыр. Оның ішінде базалық ставканы көтеру, ішкі нарықта тапшы болып тұрған өнімдерді шекарадан сыртқа шығармау сияқты шаралар бар.

Сондай-ақ сарапшылар ал­дағы бір жыл көлемінде база­лық ставка көтерілмейді деп күтеді. Ұлттық банктің ақша-несие комитеті соңғы оты­рыс­та базалық пайыздық мөл­шер­­лемені көтермей 9,75 пайыз дең­гейінде қалдырды. Егер ел­дегі экономикалық ахуал жақ­сарса, ставка қайта төмен­деуі де ғажап емес. Бұл орайда сарапшылар алдағы үш және бес жылдық горизонтта базалық ставка 8,6 және 7,7 пайыз болады деп болжам айтады.