Қазақстан • 01 Қаңтар, 2022

10 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізілді

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожол жобаларын іске асыру қорытындысын шығарды. Былтыр бұл салада ауқымды жұмыс жүргізілді.

10 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізілді

Республикалық және жер­гілікті маңызы бар автожол­дардың 10 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қам­тылды. Оның 3,6 мыңы респуб­ликалық маңызы бар жолдар. Атап айтқанда, Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Бал­қаш – Бурылбайтал – Күрті – Қапшағай, Ақтөбе – Атырау – Астрахань, Қалбатау – Майқап­шағай, Үшарал – Достық, Ұзынағаш – Отар, Меркі – Бурылбайтал, Қостанай – Денисовка жолдары.

Құрылыс маусымына жол­дар­дағы жобаларға 200 мың­дай адам және 12 мыңға тар­та жол-құрылыс техникасы жұ­мыл­дырылды. Жыл қорытын­ды­сында жолдардың сапасын арт­тыра отырып, I және II са­­нат­тағы 2 248 шақырым авто­­жол пай­далануға берілді. Жа­қын маң­да­ғы 120 елді мекенді қам­ты­ған се­німді көлік қатына­сы қам­­та­­масыз етілді. Ірі елді мекен­­дер жа­нында 6 айналма жолы са­лынып, көлік және транзит­тік та­сы­­малдар көлемі 2,5 есе артты. Бұл ретте жол құ­ры­лысындағы қа­зақ­стандық қамту 90%-дан асты.

Жол бойындағы сервисті дамы­ту үшін тиісті қызметтерді то­­лық қамтитын 71 кешен іске қо­сылд­ы. Олар: кемпингтер, мотельдер, жанармай құю стан­салары, техникалық қызмет көрсету стансалары, тамақтанатын сауда орындары және т.б.