Үкімет • 04 Қаңтар, 2022

Маңғыстауда үкімет комиссиясы белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет комиссиясының мүшелері сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен бастамашыл топпен кездесу өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда үкімет комиссиясы белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр

Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр. Еске сала кетсек, Президент кеше Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған еді.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкімет комиссиясы құрылғанын жария етті.

Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарайтын Үкіметтік комиссияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқаратын болды.