13 Наурыз, 2014

Қоғамдастық қызметіне қатысты қабылдау

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-03-01

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады, деп хабарлады ПрезиденттіңЕуразиялық  қызметі. Кездесу барысында ұйымның қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған жос­парлар, сондай-ақ, Еуразия кеңіс­тігіндегі интеграциялық үде­ріс­тердің іске асырылу жайы талқы­ланды. Нұрсұлтан Назарбаев мем­ле­кеттердің интеграциялық құ­ры­лымдар аясындағы көптарапты өзара ықпалдастығының негізін қамтамасыз ету бағытында ат­қа­рылып жатқан жұмыстардың маңыз­дылығын атап өтті. Сон­дай-ақ, Қазақстан Президенті ел­дердің технологиялар мен биз­нес саласындағы тиімді ынты­мақ­тас­тығына септігін тигізетін инте­грациялық институттар қызметінің жемісті нәтижелеріне назар аударды. Т.Мансұров ұйымның алдына қойылған міндеттердің іске асырылуы және ЕурАзЭҚ-қа мүше мем­лекеттер халықтарының мүд­делері үшін экономикалық ин­те­грацияға қол жеткізуге бағытталған жұ­мыс­тар туралы айтты. Бас хатшы Мемлекет бас­шы­сының бұдан 20 жыл бұрын М.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­лекеттік университетінде мемлекеттердің Еура­зиялық одағын қалыптастыру ту­ралы алғаш ұсынған бастама­сы посткеңестік кеңістіктегі эко­но­микалық интеграцияға негіз қалағанын атап көрсетті. ----------------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.