6 қаңтардағы жағдай бойынша Қостанай облысында жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп түнде қалпына келтірілді.
– Бір топ адамның заңсыз әрекеті салдарынан бір полиция қызметкері зардап шекті. Оқиға орнын тексеру барысында жанғыш қоспасы бар бөтелке тәркіленді, сонымен қатар бір азаматтан травматикалық тапанша алынды, - делінген баспасөз хабарламасында.
Қызылордада тәртіпсіздіктен кейін қала ғимараттарының терезелері мен есіктері сынған.
– Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті тиісінше қорғап және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, – деп толықтырды ІІМ.