Оқиға • 07 Қаңтар, 2022

Президент тәртіпсіздік кезінде қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған қазақстандықтардың жақындарына көңіл айтты.

Президент тәртіпсіздік кезінде қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сөзімде Қазақстанда ғана емес, барша өркениетті мемлекеттерде береке-бірліктің кепілі заң мен тәртіп екенін айтқан болатынмын. Бұл азаматтық еркіндік пен адам құқығын таптауға бола береді деген сөз емес. Керісінше, Алматы қаласы мен Қазақстанның өзге де қалаларындағы трагедия көрсеткеніндей, заңдардың сақталмауы, шектен шығу, анархия адам құқықтарының бұзылуына алып келеді», деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде.

Президент осы трагедиялар кезінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты.

«Алматыда бандиттер мен террористердің қолынан жүздеген азаматтық тұлғалар мен әскерилердің денсаулығын айтпағанның өзінде тек әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүліктері бүлінді. Мен қайтыс болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын», деді Президент.