Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Қазақстан билігі кәсіпкерлерді бағаны өсірмеуге шақырды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан билігі кәсіпкерлерді бағаны өсірмеуге үндеді.

Қазақстан билігі кәсіпкерлерді бағаны өсірмеуге шақырды

Бүгін таңертең Ақорда қазақстандықтарға тағы бір SMS хабарлама жолдады. Онда кәсіпкерлерге өтініш айтылған. «Құрметті кәсіпкерлер! Қазіргідей қиын сәтте сіздерді азаматтық танытып, халық үшін бағаны көтермеуге шақырамыз» делінген хабарламада. Еске сала кетейік, кеше Сауда және интеграция министрлігі елде азық-түлік қоры жеткілікті екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын күнделікті бақылуына алды.