Алматыдан басқа Қазақстанның барлық қалаларында азық-түлік сауда желілерінің қызметі қалыпты режимде жүзеге асырылады (коменданттық сағатқа байланысты уақыт бойынша жұмыстың шектеулерін ескере отырып). Алматыда олардың қызметі тез арада қайта басталады деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта Magnum сауда желісі Алматыда екі супермаркет ашу мүмкіндігін қарастыруда. Ашылу мерзімі күш құрылымдарының және өз әскерилендірілген күштерінің супермаркеттерге келушілер мен қызметкерлердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілдіктеріне байланысты болады. Белсенді терроризмге қарсы іс-қимылдарға байланысты Алматыдан басқа барлық өңірлерде жеткізуде үзілістер жоқ. Сауда желілерінен алынған ақпарат бойынша азық-түлік тауарларын жеткізушілер бағаның өзгергені туралы хабарлаған жоқ. Сауда желілері Алматы, Талдықорған, Тараз қалаларындағы мародерлердің іс-әрекеті нәтижесінде келтірілген елеулі залалды өтеуде мемлекеттің көмегіне үміттенеді.
Қазақстан Республикасы сауда желілері Одағы қазақстандықтарға үндеу жасады.
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:57
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Маңғыстау облысында жетім балалардың құқығын бұзған шенеунік сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Тұлға • Бүгін, 15:12
Алматы облысында монша өртенді
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Қылмыс • Бүгін, 14:12