Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Еріктілер көмектесуге әзір

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан волонтерлері жаппай бүліктердің салдарын жою шараларын жүзеге асыруда көмек көрсетеді.

Еріктілер көмектесуге әзір

Қазақстан волонтерлері жаппай бүліктердің салдарын жою шараларын жүзеге асыруда көмек көрсетеді

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы базасында консультациялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек көрсетіледі.
Осы ретте қазіргі таңда волонтерлерге қатысты мәліметтерді жинау және күшті жұмылдыру жұмысы қолға алынып отыр.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қираған ғимараттарды қалпына келтіруге дайын волонтерлерге қатысты мәліметтер жинауда.
"Біз елдегі ахуалдың тұрақтанғанын және лаңкестікке қарсы операциялардың аяқталуын күтудеміз. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы әскерлер қауымдастығын, волонтерлер мен қиын жағдайға тап болған азаматтардың қайғысына бей-жай қарамайтын адамдардың барлығын бірігуге шақырады. Ақпаратты біздің орталықтың базасында алуға болады. Біз гуманитарлық, медициналық және психологиялық көмек көрсету шараларын үйлестіруге дайынбыз. Лаңкестікке қарсы операциялар аяқталған соң біз халыққа көмек көрсетуге алдын-ала дайын болуымыз керек",- деп мәлімдеді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Төрайымы Лима Диас.
Мәліметтерді (байланыс нөмірі, көрсетілетін көмек түрі) АБҚО базасында жұмыс істейтін мына нөмірге жіберуге болады: 8 771 348 83 84.
Сондай-ақ өзекті ақпаратты @eriktiler_kaz телеграм чатынан ала аласыз.