Аймақтар • 08 Қаңтар, 2022

Оралда граната мен оқ алып келе жатқан автокөлік ұсталды

609 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Елде жарияланған коменданттық сағат режиміне қарамастан түн ішінде жұмыс істеген Орал қаласындағы Эль-Плаза барының иелері тұтқындалды. Тағы бір көліктен граната табылды» деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.

Оралда граната мен оқ алып келе жатқан автокөлік ұсталды

8 желтоқсан күні түнгі саған 02.45. кезінде Эль Плаза барында бір топ адам ойын-сауықты қыздырып жатқаны белгілі болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 19 адамды тұтқындады, арасында кәмелетке толмағандар да бар. Полицияның айтуынша, ұсталғандардың кейбірі алкогольдік ішімдікке мас болған. олардың бәрі полиция бөліміне жеткізілген. Сондай-ақ тәртіп бұзған кафе-бардың қожайыны мен қызметкерлері де тұтқындалған.

Тәртіп бұзушыларға 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе 15 күнге дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Дәл осы 8 желтоқсан күні таңғы 03.30. сағатта Орал қаласының іргесіндегі Подстепный кентінде орналасқан №3 бекетте армян нөмірлі «Тойота Альфард» автокөлігі тоқтатылды. Жүргізуші полицияның талабына мойынсұнбай, көлігін тексеруге қарсы болған, қашып кетуге әрекет жасаған. Тінту кезінде көліктің жүксалғышынан көзден жас ағызатын граната, 12 калибрлі мылтықтың оқтары, 50 дана су жаңа, әртүрлі маркалы телефон, 6 планшет, 23 смарт сағат және басқа да гаджеттер мен оларға қажетті аксессуарлар табылған. Одан бөлек, жүксалғышта бірнеше сөмкеге салынған киім-кешек те болған. Назар аударарлығы, бұл киімдерге дүкенде салынатын ұрлыққа қарсы магниттік сырғалары алынбаған екен.

Қазір автокөлік жүргізушісіне тергеу жүріп жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Полицияның хабарлауынша, тұтқындалғандар деструктивті діни ағым мүшелері.

ҚР Ішкі істер министрлігі жедел штабының мәліметінше, олар Алматыдағы тонау актілеріне және наразылық акцияларына қатысқан. Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, граната мен оқтарды Алматыдағы таныстарынан сатып алған. Ал смартфондар мен аксеуарларды, киім кешектерді дүкендерді тонау кезінде алып кеткен