Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

6175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шын мәнінде қарапайым халық өзінің әлеуметтік мәселелерін айтып көшеге шықты.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Оған байланысты мемлекет тиісті шаралар қолданып, газ және  жанар-жағармайдың бағасын тұрақтандырды. Бірақ осы әрекетті жат күштер пайдаланып кетті. Бұл өте өкінішті. Біздің еліміз алға қойған стратегиялық бағыты мен мақсаты жөнінен әлемнің назарындағы ел. Сондықтан мұндай өткір әрекетке барынша сабырлы, салмақты түрде қарап, жұмыс жасамасақ, соңы үлкен қатерлерге алып келуі мүмкін.

Қолға алған шараларды қолдаймыз. Президентіміз өзінің Үндеуінде жағдай қалыпқа түскеннен кейін елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге байланысты жаңа шешімдер қабылданатынын айтты. «Қазақстанның болашағы жарқын, оған сеніміміз кәміл», деді. Біз де соған сенеміз, лайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Тұрсынхан ЗЕКЕН,

ЕҰУ-дың профессоры