Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Президентті қолдауымыз керек

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде орын алған жағдайдың қиындығына  байланысты ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік әскери күштері  шарасыздықтан шақырылды деп есептеймін.

Президентті қолдауымыз керек

Халықтың бастапқы шеруі, әуелгі талабы дұрыс болатын. Алайда арандатушылар себебінен басқа бағыт алып кетті. Халық мүлігін тонағандар, әскерге шабуыл жасағандар шықты. Енді оның анық-қанығын заң органдары анықтайды. Бірақ Президент батыл шешім қабылдап, бірнеше күнде халық күтіп отырған кадрлық ауыс-түйістер жасады. Өз командасын сенімді басшылармен толықтырды. Мемлекет басшысы бар жауапкершілікті өзіне алып, елде төтенше жағдай жариялады. Жағдай тұрақталған аймақтарда Төтенше жағдай да шешілетіні хабарланды. Мұндай жағдайда бүкіл ел болып, халық болып Президентті қолдауымыз керек. ҰҚШҰ тәртібіне сай, әскер де елдегі жағдай тұрақталғанда шығып кетері анық. Әрі ол күштер  стратегиялық ғимараттардың күзеті үшін шақырылғаны белгілі. 

Ал тәртіп бұзған бұзақылар,  жауапты адамдар жазаға тартылады. Біз қашан да Президент жағындамыз. Алда саяси реформалар басталады деп сенеміз. Біз Президентті қолдаймыз.

 

Ауыт МҰҚИБЕК,

қоғам қайраткері