Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Өрт сөндірушілерге 33 рет шабуылдаған

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарланғандай, лаңкестік кезінде өз қызметін атқаруға тырысқан өрт сөндіру қызметкерлеріне 33 рет шабуыл жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілерге 33 рет шабуылдаған

Жаппай тәртіпсіздік кезінде лаңкестер өрт сөндірушілерге тас лақтырып, оқ атты, жолдарын автокөліктермен бөгеді.

Нәтижесінде, қызметтік міндеттерді атқару барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері әртүрлі дене жарақаттарын алса, біреуі оқ жарақатын алды. Алматы қаласында сегіз қызметкер, ал Ақтөбе облысында екі қызметкер зардап шекті.

C

Шабуыл салдарынан 29 өрт техникасы қирады, оның ішінде 5 өрт автоцистернасы толығымен өртеніп кетті.

Осыған қарамастан, ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызметі 81 өртті сөндіріп,  143 адамды құтқарып қалды.

S