Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Кәрім Мәсімов ұсталды

3313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Кәрім Мәсімов ұсталды

«2022 жылдың 6 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175 бабы 1 тармағымен, мемлекетке сатқындық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Осы күні аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов және өзге де тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді», деп жазылған ҰҚК баспасөз хабарламасында.