Ақтау халықаралық әуежайының жұмысы қайта жанданды. Әуежай директорының айтуынша, рейстер бүгін таңғы сағат 10:00-ден бастап орындала бастаған. Жоспарланған және кейінге шегерілген рейстердің ұшу уақытын авиакомпаниялардың өкілдерінен анықтау қажет.
Еске сала кетсек, шетелдік авиакомпаниялар Алматы, Ақтау, Түркістан, Шымкент, Қостанай қалаларынан Мәскеу, Франкфурт, Баку, Дубаи, Шарджа, Минск, Стамбул, Ургенч қалаларына 21 рейстің орындалуын тоқтатты.