Қазақстан • 09 Қаңтар, 2022

5135 адам ұсталды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында 5 мыңнан астам адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

5135 адам ұсталды

Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда алған тәртіпсіздіктер туралы ойымен бөлісті. Алматыдағы жағдай туралы айта келе ол шеруге шыққандар ешқандай талап қоймағанын және келіссөз ұсынбағанын сөз етті.

«Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, бұзақылық, кісі өлтіру, сондай-ақ қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтың барлық фактілері бойынша сотқа 125 дейінгі тергеу басталды. 5 мыңнан астам адам ұсталды», деді Ерлан Тұрғымбаев.