Қазақстан • 10 Қаңтар, 2022

Президент ІІМ және ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

391 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ҚР Ішкі істер министрлігінің және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент ІІМ және ҰҚК-нің қаза тапқан қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  

1. Әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталсын:

 

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен  

Әділбай Дастан Әділбайұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы

Барғанаев Дархан Ермекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті жедел қимылдау арнайы жасағының инспекторы  

Жағалбаев Жандос Мұхтарұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының аға офицері

Кабдинов Андрей Вячеславович (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының кафедра бастығы

Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Тараз қаласы полиция басқармасының  1-бөлімінің учаскелік инспекторы;  

 

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаментінің көлік жүргізуші-полицейі

Аманов Айбат Ерболұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі

Асылханов Ален Мұхитұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі  

Әділхан Жайық Ұғұлқанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының бөлімше командирі

Бітім Мейірхан Ержанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты

Ержанов Ербол Тілеубекұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы

Жұпарбеков Дәулет Бауыржанұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанты

Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы  5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі

Қамбетов Ринат Талғатұлы (марқұм) –  Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Алмалы ауданы полиция басқармасының көлік жүргізуші-полицейі  

Смайылқанов Ғабдолла Ғалымұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі 21751 әскери бөлімінің маманы (операторы);

 

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен  

Нұркенов Әділ Дулатұлы (марқұм) – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кіші жедел уәкілі.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының                  

          Президенті                                                   Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 9 қаңтар                  

                       № 753