Экономика • 10 Қаңтар, 2022

Жаппай тәртіпсіздіктен бизнеске келтірілген шығын 93,7 млрд теңгеден асты

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 қаңтар күнгі 09-00-дегі жағдай бойынша жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген шығын көлемі 93,7 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаппай тәртіпсіздіктен бизнеске келтірілген шығын 93,7 млрд теңгеден асты

«Осы жылдың 10 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша бизнеске келтірілген шығынға қатысты байланыс орталығына 2774 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1406, форс-мажор – 39, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таратқан мәліметке сай, елдің 9 өңірінде 1488 нысанда орналасқан 1 319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1399 объектіде орналасқан 1234 субъект.

«Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1245; қоғамдық тамақтану – 25; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2. Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 92,2 млрд теңге)» делінген хабарламада.