Теннис • 10 Қаңтар, 2022

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 13 орынға көтерілді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған әлемдік рейтингте 13 орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 13 орынға көтерілді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, қазақстандық спортшы өзінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізіп, үздік ондыққа жақындады.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 43 сатыда болса, Зарина Дияс 102-ден 108-ге сырғыды. Жұптық сында Е.Рыбакина 50-ден 52-ге төмендесе, Анна Данилина 75-орында қалды. Жібек Құламбаева бірден 56 саты жоғарылап, 319-орынға жайғасты. Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-орында болса, Дмитрий Попко 180-нен 177-ге, Михаил Кукушкин 182-ден 180-ге көтерілді.

Жұптық сында Андрей Голубев 27-ші, Мельбурн турнирінің финалына шыққан Александр Недовесов 69-орынға орнықты.

Елена Рыбакина тағы бір ірі додада – Сидней турнирінде өнер көрсетеді. Ол алғашқы айналымда өткен жылы іріктеу сайыстарынан өтіп, АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанған ұлыбританиялық Эмма Радуканумен шеберлік байқасады.