Президент • 10 Қаңтар, 2022

Елдегі конституциялық тәртіп қалпына келтірілді - Президент

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында Қазақстанда конституциялық тәртіп қалпына келтірілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдегі конституциялық тәртіп қалпына келтірілді - Президент

«Қазіргі уақытта Қазақстанда конституциялық тәртіп қалпына келтірілді. Елдегі қауіп-қатерге тосқауыл қойылды. Терроризмге қарсы операция аясында қылмыстарға қатысқан адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев сессия барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде полиция органдарына 8 мыңға жуық адам жеткізілді.

«Құқық қорғау, арнайы органдар олардың терроризм актілеріне, кісі өлтіруге, тонауға және басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. 116 қару тәркіленді», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.