Елорда • 10 Қаңтар, 2022

Марқұмдардың рухына құран бағышталды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бақилық болған азаматтардың рухына бағышталып құран оқылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марқұмдардың рухына құран бағышталды

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан өмірмен қош айтысқан азаматтардың рухына арналып, «Әзірет сұлтан» мешітінде құран бағышталды. Іс-шараға Қазақстан мұсылдандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған бірнеше имам қатысты.

«Аса рақымды, мейірімді Алланың атымен бастаймын. 10 қаңтар – елімізде аза тұту күні. Елді қорғау жолында жанын қиған жандардың жатқан жері жайлы болсын. Олардың артта қалған бауырлары мен жақындарына Алла сабыр берсін. Өкінішке қарай, соңғы бірнеше тәулікте еліміз өте қиын күндерді бастан өткеруде. Әрбір қиыншықтан кейін жақсылық болатыны белгілі. Сондықтан Алла бізге бейбіт күнімізді қайта бұйыртсын», деді бас мүфти.

Қазақстандағы тәртіпсіздік кезінде күштік құрылымдардың 16 қызметкері бақилық болды.