13 Наурыз, 2014

Лайықты құрмет көрсетілді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұдан бұрын газетімізде Петропавл Жоғары Әскери институтының курсанты Собир Базарбаевтың от-жалынға оранған үйден мүгедек жанды аман-есен алып шыққаны жайлы жазған болатынбыз. Енді жуырда жоғары оқу ор­нының оқытушылар құрамының, курсанттардың, күштік құрылым басшыларының қатысуы­мен өмір мен өлім беттескен сәтте ержүректік пен жанқиярлық көрсеткен бола­шақ офицерге лайықты құрмет көрсетілді. Ол Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» кеудебелгісімен марапатталып, награданы Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасы Серік Әубәкіров салтанатты түрде тапсырды. Генерал-майор марапатталушының жоғары моральдық қасиеттерін бағалай келіп, патриоттық, азаматтық борыш және жанындағыларға қолұшын бере білетін рухта тәрбиелегендері үшін ата-аналарына алғысын жеткізді. Мұндай батыл әрекет барлық күш ведомстволары қызметкерлері үшін үлгі болып табылады. Ол, сондай-ақ, «Ішкі әскерлер қызметінің үздігі» төсбелгісімен де марапатталды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50

Ғасыр үні жаңғырған кеш

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10