Қоғам • 10 Қаңтар, 2022

Елордада ҰҚК қызметкері үйінің ауласынан өлі табылды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ҰҚК қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада ҰҚК қызметкері үйінің ауласынан өлі табылды

«10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды. Аталған фактіні Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл аудандық Полиция бөлімі 2022 жылғы 10 қаңтардағы №227116031000018 сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді», делінген хабарламада.

Комитетің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.