9 наурыз – жексенбі күні республикалық «СТВ» телеарнасынан Александр Терещенко туралы деректі фильм көрсетілді. Белгілі режиссер Сергей Әзімовтің осы туындысында ел ағасы болған Александрдың өмірі тамаша бейнеленіпті. Тіпті, ол басқарған «Победа» колхозының жетістіктері туралы түсірілген бұрынғы ленталардың деректі фильмде көрініс табуы мені ерекше толқытып, сол күндерді көз алдыма әкелді.
Жалпы, ел ішінде Александр Терещенко туралы өте көп аңыз-әңгіме айтылады. Бәлкім, жұрт кей жерлерінде асыра айтып жүрген де болар, бірақ, бұл әңгімелердің бәрінің түбі шындыққа негізделген. Александрдың екі бірдей ағасы соғыстан оралмай қалды. Бір отбасының жалғызы, бас көтерері болғандықтан ол көп қиыншылық көріп өсті. Атадан жалғыз қалдым деп жасыған жоқ, қолына қару алып соғысқа аттанды. 1949 жылы әскерден оралғаннан кейін еңбек майданына күмп берді. Алдымен еңбекпен қамту бөлімінде инспектор болып жұмыс істеді. Одан қалаға оқуға кетті. Білімін жетілдірген жас Куйбышев атындағы колхозда партком хатшысы болып еңбек етті. Содан кейін өмірінің соңына дейін «Победа» колхозының бастығы болды. Өзім көрші «Қызыл жұлдыз» колхозында партком хатшысы қызметін атқардым. Екеуміз екі шаруашылықта еңбек етсек те, өте жақын дос болдық. Александр басшы қызметтің, басшылық қызмет Александрдың бағын ашты десе де болғандай. Оның елге жасап кеткен жақсылығы өте көп. Ең басты қасиеті – ол адам тани білетін, адамға рух, күш, дем бере білетін. Қолынан іс келетін жанды көтермелеп, соның жолында жүгіріп, қызметін өсіртетін. Бір жаман сөзі жоқ, жұмысшыларға дөрекілік таныту деген ол кісіде мүлдем болған емес. Сөзге өте шешен және дәл тауып айтатын. Талай адамды осы салмақты сөзімен тәрбиеледі, осы қорғасыннан ауыр сөзімен түзу жолға салды. Жұмыста өте қатал еді. Бірақ өте әділ болды.
Әлі есімде, бір жылы үш шаруашылық бір орденге таласып қалды. Таласқанда облыс басшылары бір орденді Мақтаарал, Түлкібас, Сайрам аудандарындағы іргелі, еңбегі жарасқан үш шаруашылықтың қайсысына берерін білмей дағдарды. Үш колхоздың да жетістіктері мен көрсеткіштері бірдей. Ақыр аяғында облыс басшылары үш колхоз бастықтарының іскерлік қасиеті мен жұмыс тәртібіне қарайық деген шешімге келіпті. Сонда «Победа» колхозының бастығы Александр ә дегеннен-ақ дараланып шығып, сол жолы жүлдені жұлып алды. Шынында Александр Ивановичтің басшылық қасиеті, елді басқару қабілеті өте ерекше еді. Ел оның өте қарапайымдығы, дүниенің соңына түспеген адалдығы үшін құрметтеп өтті. Кезінде колхоз ол кісіге үй салып берді. Бірақ бастық оны алмай, «Өзімнің ата-бабамнан келе жатқан үйім бар, сол жетеді» деп, баспана кілтін үйсіз жүрген басқаға беріп жіберді. Александрдың осы қасиеті Сергей Әзімовтің деректі фильмінде өте жақсы айтылған. Сол ата-бабасының үйінде өмірінің соңына дейін тұрды. 2 қыз, 1 ұл өсіріп тәрбиеледі. Ұл-қыздарының бәрі өз орындарын таба білді. Бір өкініштісі, осыдан бес-алты жыл бұрын кемпірі қайтыс болды. Бұл қаза азаматтың қабырғасын қатты қайыстырып кеткені анық.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген қазақтың мақалын осы орыстың баласы дәлелдеп өтті. Александрдың ең үлкен еңбегі деп Түлкібас ауданын көгалдандырғанын айтуға болады. Оның кезінде бұл ауданда қаншама гектар алма бақтары, бау-бақша егілді. Мал басы көбейтілді. Қандай ғимарат салса да оның алдына ең алдымен ағаш отырғызатын. «Әке көрген оқ жонар...» деген, Александрдың ұлы облысты, ел Үкіметін басқарған Сергей кейіннен Т. Рысқұлов ауылына кіреберісте үлкен саябақ салып берді. Бүгінде бұл маң аудан орталығының ең көрікті, жергілікті тұрғындардың алаңсыз демалатын аймағына айналды. Бұл игілікті іске Александр да екі білегін түріп тастап атсалысқан болатын. Енді Александрдың көзіндей болып тұрған бұл бақ азаматтың өз атымен аталса құба-құп болар еді. Көпшіліктің тілегі осы.
Нияз АҚЫЛТАЕВ,
Түлкібас ауданы,
Жаскешу ауылдық округінің биі.
Оңтүстік Қазақстан облысы.

ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды
Есірткі • Бүгін, 15:55
ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті
Спорт • Бүгін, 15:34
Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей рейстер іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 15:25
Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты
Волонтер • Бүгін, 15:15
Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді
Спорт • Бүгін, 15:10
Атырау облысындағы тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 14:42
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:34
Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды
Спорт • Бүгін, 14:18
Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Үкімет • Бүгін, 13:57