Астананың «Барысын» келесі кезеңге шығаруға жақын
Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сериясының үшінші матчын Екатеринбургте жергілікті «Автомобилист» ұжымымен қарсы өткізіп, қарсыласын қатарынан үшінші рет тізе бүктірді. Елорда жасағы, сонымен бірге, осы кезеңдегі үш ойынында бірінші рет негізгі уақытта жеңіске жетті. Матч барынша тартысты өтті. Бұған мұның алдында Астанада өткен екі кездесуде ұтылып қалған алаң иелерінің қарымта қайтару үшін барын салғандары да айтарлықтай әсер етті. Ал Астанадағы екі ойынның тағдыры да овертаймда шешілген болатын. Осының өзі екі жақтың бір-бірлеріне тең қарсылас бола алғандарын көрсетсе керек. Кездесудің есебін алаң иелері 7-минутта ашты. Оны форвард Артём Чернов түсірді. Ал ойынның екінші кезеңінде, 23-минутта қонақтар таразы басын теңестірді. Бұл жолғы шайбаны астаналық Константин Романов өз есебіне жазды. Бұдан кейін матч біздің жігіттердің біршама басымдығымен өрбіді. Олар мұны ойын бітуге 4 минут қалғанда голға айналдыра білді. Сөйтіп, шабуылшы Константин Руденко соққан соңғы шайбаның арқасында «Барыс» үшінші жеңісіне қол жеткізді. Енді Астана хоккейшілеріне бір рет жеңіске жетсе жетіп жатыр, олар ширек финалға шығады. Руслан ИГІЛІК.Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды
Есірткі • Бүгін, 15:55
ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті
Спорт • Бүгін, 15:34