Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

«Теңіз» кен орнын кімдер күзетіп тұр?

2785 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барлық өңірлердегідей Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында әскери күзет күшейтілгені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Теңіз» кен орнын кімдер күзетіп тұр?

«Теңізшевройл» ЖШС игеріп жатқан бұл кен орнының әлемде баламасы жоқ. Қазір кен орнында екі жобаны іске асыру аяқталуға таяп қалды. Оның бірі – келешек кеңею, екіншісі – ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы. Бұл жобалар іске қосылғанда «Теңізден» алынатын «қара алтын» көлемі 12 млн тоннаға артып, жылына 39 млн тоннаға жетеді.  

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Атырау өңіріндегі экономикалық әрі стратегиялық маңызды ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылды. Оның ішінде «Теңіз» кен орны да бар. Бұл кеніштегі өндіріс орындарын Қазақстанның Қарулы күштерінің әскерилері мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Теңізшевройл» компаниясының күзет қызметі өкілдерімен бірлесе күзетіп тұр. Олардың арасында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ОДКБ) әскерлері жоқ», деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.