Қоғам • 11 Қаңтар, 2022

Алматы еріктілері ыстық тамаққа ақша жинағандарын жоққа шығарды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалған ақпарат «Алматы. Волонтеры питание» Telegram-арнасында жарияланды. Қаражат полиция мен дәрігерлер үшін ыстық тамақ ұйымдастыру үшін қажет екені жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы еріктілері ыстық тамаққа ақша жинағандарын жоққа шығарды

«Мен алматылықпын» қоғамдық бірлестігінің парақшасына ұйымның ешқандай ақша жинамайтыны туралы хабарлама жарияланды.

«Мен алматылықпын» бірлестігінің атынан ақша жинау туралы хабарламаларды алаяқтар таратуда. Бұл ақпаратқа сенбеуді және хабарламада көрсетілген банк карталарына қаражат аудармауды сұраймыз, деп жазады еріктілер.