Асқар Омаров 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Тұран» университетінен білім алған.
Еңбек жолы:
1997-1998 жылдары «Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығы» әлеуметтік-экономикалық проблемалар секторының жетекші маманы болған. 1998-1999 жылдары «Қазақстанның Шағын Бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман, 2001-2005 жылдары «РГ» новости недели» ЖШС тілшісі қызметін атқарған.
2005-2006 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» РТО филиалының ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясы Алматы бюросының шеф-редакторы болып еңбек еткен.
Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2008-2010 жылдары «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары болды. 2011-2013 жылдары «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті, 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарушы директоры, 2016-2017 жылдары қоғамдық қордың президенті ретінде қызмет етті. 2017-2021 жылдары «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС Бас директоры болды.
2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазАқпарат» ХАА АҚ Басқарма төрағасы болды.