Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Шымкентте індет өршіп тұр

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында соңғы аптада коронавирус инфекциясы ауруына шалдыққандар саны күрт  көбейген. Мәселен, өткен тәулікте індет жұқтырудың 141 жағдайы тіркелген. Эпидемиологиялық ахуал көрсеткіші бойынша бүгін қала «қызыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Шымкентте індет өршіп тұр

Covid-19 инфекциясының алдын алу бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалымен штаб отырысы өтті. Жиында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Пазилов эпидемиологиялық жағдай өршіген кезде инфекциялық төсек орындар саны бес мыңға дейін көбейтілетінін айтты. Сонымен бірге  екі айлық дәрілік қор мен медициналық ұйымдар үш айлық қажетті жабдықтармен қамтылғанын баяндады.

4654968596

«Бүгінгі күні қалада инфекциялық 253 төсек орын бар. Төсек орын толымдығы 66%-ды құрайды, 86 төсек орын бос. Бүгінде инфекциялық стационарда 167 науқас емделуде, жан сақтау бөлімінде 59 төсек орны бар, онда 13 науқас ем қабылдауда», деді басқарма басшысы.

Шымкент қаласының басшысы эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауға және мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

16368

Жиын соңында қала әкімі тұрғындарды коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық ұсынылған шараларды сақтауға және вакцина алмаған азаматтарды екпе алуға шақырды.