Экология • 12 Қаңтар, 2022

Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша бірыңғай оператор құрылады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша бірыңғай оператор құрылады, сондай-ақ, коэффициенттер қайта қаралады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша бірыңғай оператор құрылады

«2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат 691,9 миллиард теңге. Алынған қаражат Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатаң тәртіпте жұмсалады. Атап айтқанда, отандық автоөндірушілерге 338,9 миллиард теңге мөлшерінде кәдеге жарату түріндегі бұрын төленген қаражат қайтарылды, экологиялық мәселелерді шешуге - 102 миллиард теңге және салыққа - 49,1 миллиард теңге бағытталды», деді министр үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, қалған 220,6 миллиард теңге екінші деңгейлі банктерде жатыр. Брекешев ведомство жеке мемлекеттік оператор құру мәселесін пысықтайтынын  айтты.

«Министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, жеке мемлекеттік оператор құру немесе өнеркәсіпті дамыту қоры базасында, кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарау, сондай-ақ отандық КО мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер ұсыну бойынша мәселені пысықтайды», деді Брекешев. 

«Оператор РОП» ЖШС Экологиялық кодекстің 387-бабына сәйкес үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес құрылған.