Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Оның айтуынша, өзгерістер топтамасы Үкіметтің қарауына наурыз айында беріледі.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар жүйелі іс-шаралар қабылдайтын болады. Ең алдымен, қолдау тетіктерін оңайлатуға, бағыттарын оңтайландыруға, шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысандарына қарамастан, барлық субъектілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сондай-ақ субсидия алушылар нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу туралы қарсы міндеттемелерді міндетті түрде қабылдайтын норма енгізіледі», деді министр.