Экономика • 12 Қаңтар, 2022

Нан бағасын тұрақтандыру үшін субсидия беріледі

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев АӨК-ті дамытуға қатысты бірқатар шаралар жөнінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нан бағасын тұрақтандыру үшін субсидия беріледі

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2025 жылға дейін импортты алмастыру бойынша шаралар кешені қарастырылған», деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Атап айтқанда, министрлік келесі жедел шараларды қабылдады:

  1. 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге 125 мың тонна көлемінде күнбағыс тұқымдары мен 110 мың тонна күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер;
  2. 3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына тыйым салу;
  3. ІҚМ мен ҰММ 6 ай мерзімге шығаруға тыйым салу.

«Сондай-ақ нан бағасын тұрақтандыру мақсатында қаңтардан бастап әлеуметтік нан өндіру үшін өңірлерге сатылатын астық құнын субсидиялау енгізіледі», деп түйіндеді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.